USD
USD
USD

Медбике вакцина салдырғанан кейін есінен танып қалды

Облыстық аурухана қызметкері ресейлік "Спутник V" вакцинасын қабылдағаннан кейін есінен танып қалды. Бұл туралы Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі айтты.

Медбике вакцина салдырғанан кейін есінен танып қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бөлім өкілдері медбикеде әлсіздік байқалғанын, ал талып қалуының себебі жүйкесінің сыр беруінен екенін хабарлады.

"2021 жылы 2 ақпанда ШЖҚ "Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана" КМК-да жұмыс істейтін А. есімді медицина қызметкерінің "Спутник V" вакцинасын алғаннан кейін артериялық қысымы сынап бағанасында 140/100 миллиметрге дейін көтерілген. Екпеден кейін қысымның көтерілгенін байқап, пациентке 103 "Жедел жәрдемі" шақырылды. Ол ауруханаға жеткізіліп, қабылдау бөлімінде бір сағатқа жуық бақылауда болды", - деп хабарлады облыстық ҚДСБ баспасөз қызметіндегілер.

Қазір медбикенің жағдайы қалыпқа келгені хабарланды.

"Қалыпты гемодинамикалық көрсеткішке байланысты ауруханаға жатқызу міндетті емес. Қан қысымының жоғарылауы пациентінің қатты қобалжуының әсерінен болған. Қазіргі уақытта медбике жұмысына кірісті, жағдайы қанағаттанарлық", - деп толықтырды баспасөз қызметі өкілдері.

Еxclusive.kz басылымының мәліметіне сүйенсек, оқиғадан кейін №2 емхананың дәрігерлері вакцинациядан бас тартты. Бірақ оларды "жұмыстан шығарамыз" деп қорқытқан.

"Шынымды айтсам дәрігердің бәрі вакцина қабылдаудан бас тартты. Бірақ көбісіне: "жұмыстан шығарамыз" деді. Кейбіреуі жұмыстан кетуге дайын екенін айтты", - деп жазады мақала авторы.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіндегілер медициналық мекеме бас дәрігерінің сөзіне сілтеме жасап, бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Аурухана басшылығы тарапынан ешқандай қорқыту болған жоқ. Вакцина қабылдау ерікті түрде жүргізіліп жатыр, ешкімді мәжбүрлемеді", - деді департаменттегілер.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза