USD
USD
USD

Мәжілісте Үкіметтің 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі қаралады

Қаржы министрі Мәди Такиев фискалдық тұрақтылық саласындағы сын-қатерлерге қарамастан, жылдың қаржылық және әлеуметтік қорытындылары оң деп бағаланатынын атап өтті.

Үкімет үйі
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. 2024 жылы Қазақстанның ЖІӨ өсімі 4,8 болды.

«Бюджет түсімдері 98%-ға орындалып, шамамен 20 трлн теңге түсті. Шығыстар 23 трлн 594 млрд теңгеге атқарылды. Бюджет тапшылығы белгіленген шамадан 3 трлн 649 млрд теңгеге немесе жалпы ішкі өнімге 2,7%-ды (134 251,9 млрд теңге) құрады. Мемлекеттік қарыз нақты ЖІӨ-нің 23,7% дәлізінде және 31,8 трлн теңгеге тең», – деді вице-министр.

Ведомствоның мәліметінше, инфляция деңгейі 2023 жылмен салыстырғанда 9,8 %-дан 8,6%-ға дейін төмендеді.

«Жалпы барлық әлеуметтік міндеттемелерді Үкімет толықтай орындады, оның ішінде атап өтсек, өңірлерді қолдауға 7,1 трлн теңге, әлеуметтік салаға 8,8 трлн теңге қаражат бөлінді», – деді Мәди Такиев.

Сонымен қатар Үкімет резервінен, өңірлердегі ауқымды мәселелерге де, бюджеттік қаражаттар жұмсалды. Атап айтсақ, су тасқынын жою, жылу көздері мен желілерін жаңғырту, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі» ұлттық жобаны іске асыруға тиісті қаражат бөлінді.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park