2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Мәжілісте азаматтардың артық кредит алу деңгейін төмендетуге бағытталған Заң жобасы қаралады

Заң жобасы азаматтардың артық кредит алу деңгейін төмендетуге, алаяқтық тәсілмен қарыздар мен микрокредиттер рәсімдеу тәуекелдерін және клиенттердің банктік шоттарынан ақшаның заңсыз алынуын қысқартуға ықпал етеді.

Несие
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Заң жобасында көзделген нормалар:

Банк қарыздары мен микрокредиттер беру кезінде талаптарды қатаңдату арқылы азаматтардың шамадан тыс кредит алуын төмендету көзделген.

90 күннен астам мерзімі өткен берешегі болған кезде азаматтарға кредит беруге тыйым салу көзделген, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) келісімінсіз кредит беруге тыйым салу енгізіледі.

Мерзімді әскери қызметті өткеру кезеңінде қарыз алушыға кредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру беріледі.

 «Тұтынушылық кредит» ұғымын заңнамалық енгізу ұсынылады, оның мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.

45 күнге дейінгі және 50 АЕК көрсеткішке дейінгі сомадағы онлайн микрокредиттер бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерін белгілеуді қолдану ұсынылады.

2026 жылғы 1 мамырға дейін банктер мен микроқаржы ұйымдары азаматтардың берешегін реттеу бойынша сапалы жұмысты дербес жүргізуі үшін қарыздарды коллекторларға беруге мораторий енгізіледі.

Банктер мен микроқаржы ұйымдарына клиентті биометриялық сәйкестендірусіз электрондық қарыз беруге тыйым салынады.

Істердің жекелеген санаттары бойынша өндіріп алу туралы құжаттарды орындау процесін толық автоматтандыру арқылы жеке тұлғалардың банкроттық рәсімін жетілдіру, бұл сот орындаушысының қатысуын болдырмайды және азаматтарға жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлемей атқарушылық құжаттың талабын орындауға мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Каспий теңізінде суға кеткен екі сарбаздың денесі табылды: қаза болғандар саны 14-ке жетті

Каспий теңізіндегі іздестіру жұмысына қатысқан техникалар

Алматыда бұрын сотталғандар өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 3 млн теңге бопсалаған

Күдіктілерді ұстау сәті

Қазақстан Халық кеңесі мүшелері қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына 815 млн теңге бермек

Сарбаздарды іздеуге шыққан кемелер

Әскери қызметшілердің қазасы: 30-дан астам адамнан жауап алынды, күдіктілер бар

Адам ұрлау