USD
USD
USD

Мәжіліс жеке детективтерге жол ашатын заңды талқылауға кірісті

Парламент Мәжілісінің қарауына «Жеке детективтік қызмет туралы» заң жобасы мен оған ілеспе құжаттар келіп түсті. 

.
Фото: Nege.kz/ЖИ көмегімен жасалған

Астана, NEGE. Жаңа бастама Қазақстанда жеке детективтік қызмет институтының құқықтық негізін қалыптастыруды және азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндігін кеңейтуді көздейді.

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашеваның мәліметінше, ұсынылып отырған заң жобасы жеке детективтік қызметтің негізгі ұғымдарын, сондай-ақ оның жұмыс істеу ретін айқындайды.

«Басты мақсаты – азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндігін кеңейту және елімізде жеке детективтік қызмет институтының құқықтық негізін құру. Заң жобалары жеке детективтік қызметтің негізгі ұғымдарын, сондай-ақ оны жүзеге асыру қағидаттарын, міндеттері мен тәртібін көздейді», – деді депутат Снежанна Имашева Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, заң жобасында детективтік агенттіктер мен жеке детективтердің құқықтық мәртебесі, олардың қызметін лицензиялау тәртібі және мемлекеттік реттеу тетіктері айқындалған. 

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев