USD
USD
USD

Мәжіліс су кодексі туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс Су кодексі туралы заң жобасы мен оған су ресурстарын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

Су
Фото: Pixabay

Алматы, NEGE. Түзетлер Мемлекет басшысының климаттың өзгеруі мен көршілес мемлекеттердің саясатын ескере отырып, су заңнамасын жетілдіру жөніндегі тапсырмасына сәйкес әзірленген. Еліміздің су әлеуетін сақтау және су ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатымен жаңа кодекс жобасында оларды қорғауға басымдық берілген.

Суды сақтау үшін су объектілерінде қалуы керек су көлемі «экологиялық ағын» түсінігі енгізіледі. Бұл ретте суды пайдалану лимиттерін анықтау механизмі қайта қаралып, ол экологиялық шығынды анықтағаннан кейін қалған су көлемі шегінде есептелетін болады.

Бұл ретте елдің су әлеуетін толықтыру және сақтау үшін балама су көздері, соның ішінде еріген, тасқын және тазартылған сарқынды сулар жинақталып, пайдаланылады. Заң сонымен қатар су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ең төменгі өлшемдерін белгілейді.

Жаңа Су кодексі күшіне енген күннен бастап екі жыл ішінде суды қайта пайдалану және (немесе) айналма сумен жабдықтау жүйелерін 5 жылға кезең-кезеңімен енгізу жоспарларын әзірлеу талап етілді. Арнайы суды пайдалануға рұқсат тек осындай жоспарлар болған жағдайда ғана беріледі.

Қазір оқып жатыр

Temu-дың табысы төмендеп барады – сарапшылар

Temu

Ақмола облысында 20 гектардан астам аумақ өртке оранды

Ақмола облысы

Қазақстанда бөлшек кредит нарығының өсімі баяулаған

Тұрғын үй

Астанада мұнаралы кран құлап, краншы қаза тапты

Кран