USD
USD
USD

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасын жұмысқа қабылданғанын мәлімдеді. 

Мәжіліс
Фото: Мәжіліс

Астана, NEGE. Құжатта Құрылтайдың ұйымдастырылуы, қызмет ету тәртібі және оның депутаттарының құқықтық мәртебесі айқындалады.

Заң жобасын қарау үшін Парламент палаталарының бірлескен комиссиясы құрылды. Оның құрамына Мәжіліс депутаттары Қайрат Балабиев, Ермұрат Бапи, Марат Башимов және Сергей Пономарев кірді.

Ал «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» заң жобасы бойынша комиссия құрамына депутаттар Жанарбек Әшімжанов, Серік Ерубаев, Павел Казанцев және Үнзила Шапақ мүше болды.

 

Қазір оқып жатыр

«Алтын доп» рәсіміне қатысқан Боранбаевқа шетелге шығуға кім рұқсат берді?

.

Жеңіс Қасымбек Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарады

Жеңіс Қасымбек

Трамп желтоқсанда Тоқаевпен кездесуді күтетінін айтты

Трамп пен Тоқаев

Ақмола облысында 345 баланы сертификатсыз емдеген тіс дәрігері әшкереленді

Тіс емдеу