USD
USD
USD

Мәжіліс қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заң жобасын қарайды

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Мәжіліс
Фото: Мәжіліс

Алматы, NEGE. Депутаттардың талқылауына бірінші оқылымда қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қарау енгізіледі. Заң жобасы аясында қаржылық мониторинг субъектілерінің қатарына ұялы байланыс операторларын және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын қосу көзделіп отыр. Бұдан бөлек, қолма-қол түрде мәдени құндылықтарды сатып алу немесе сату, оларды әкелу немесе әкету, сондай-ақ цифрлық активтермен жасалатын операциялар бойынша шекті мән белгіленеді.

Екінші оқылымда депутаттарға Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыруға қатысты түзетулерді қарау ұсынылып отыр. Бұл түзетулер мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын әділеттілік пен жауапкершіліктің сәйкестік қағидаттарына сай келтіруге бағытталған.

Сонымен қатар депутаттар «Нысаналы капитал қорлары (эндаумент-қорлар) туралы» және ішкі істер органдарының қызметі саласындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелеріне қатысты заңнамалық түзетулерді қарайды.

Жалпы отырыста Мәжіліс бірқатар жаңа халықаралық құжатты жұмысқа алуды жоспарлап отыр.

Қазір оқып жатыр

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

сулпак

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Зейнетақы

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Күдікті, Нұрай

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

.