USD
USD
USD

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи «Офицерлер одағы» мүшелерімен кездесті

Мәжіліс депутаты, Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ермұрат Бапи бүгін Алматыда «Офицерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен және сайлаушыларымен кездесті.

Депутат
Фото: NEGE

Депутат Е.Бапи алдымен «Армия үйінің» әскери-тарихи мұражайымен танысты. Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын, соғысқа қатысқан қазақстандық қаһармандардың тағдырын қамтитын экспонаттарға бай мұражай көпшіліктің көңілінен шықты. Мұражайда тіпті қытайлық туристер де көптеп жүргенін байқадық.

Музей
Фото: NEGE

«Офицерлер одағы» ҚБ төралқасының төрағасы, генерал-майор Махмұд Телеғұсов депутат Ермұрат Бапиды бірлестік жұмысымен таныстырып, бірқатар ұсыныс айтты. Нақтылай түссек, бұл кездесуде Қазақстан әскерінің қазіргі жай-күйі, әскердің көңіл көншітпейтін дайындығы, офицерлер дайындау мәселесінің кемшіліктері, алғашқы әскери дайындық, әскердегі бірін-бірі қайталайтын тексерудің көптігі, соның салдарынан офицерлердің жауапкершілік алудан қорғатыны, дендеген жемқорлық мәселесі, тағы да басқа түйткілдер ашық талқыланды.

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи заң шығару мәселесінде, заңдарға түзетулер мен толықтырулар енгізу жұмысында «Офицерлер одағының» ұсыныстары ескерілетінін және алдағы уақытта тағы да кездесіп, бірқатар мәселелерді пысықтап алғысы келетінін айтты.

Депутат
Фото: NEGE

Жиын соңында генерал-майор М.Телеғұсов депутат Е.Бапиды «Кеңес одағының батыры, Халық Қаһарманы, Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов» мерейтойлық медалімен марапаттады. 

Қазір оқып жатыр

Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»

Жарасбаев

«Ақ үйде досыңыз бар деп айта аламын»: Тоқаев Трамптың арнайы өкілімен кездесті

Тоқаев

2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды – Мәди Такиев

Мәди Такиев

Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігіне шағымданып Тоқаевтан көмек сұрады

Бибісара Асаубаева