Мәжіліс депутаты АЭС құрылысы бойынша өткен референдумның алдын ала нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Никита Шаталов АЭС құрылысы бойынша өткен референдумның Exit poll нәтижесіне қатысты пікір білдірді.
Алматы, NEGE. Оның айтуынша, сайлаушылардың төрттен үш бөлігі Қазақстанда атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануды қолдап, дауыс берді.
«Референдумға арналған экзит-полл мәліметтері белгілі болды: олардың барлығы шамалы айырмашылықпен 70% айналасын көрсетіп отыр. Менің ойымша, Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметтері де осы шамада болады – сайлаушылардың төрттен үш бөлігі Қазақстанда атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануды қолдап, дауыс берді. Бұл өткен айда Халық штабы өткізген науқанның нәтижесі. Науқанның сәтті өтуінің шешуші факторы – осы уақыт ішінде АЭС мәселесіне қатысты нақты шешім таппаған азаматтардың жалпы санының 20%-дан астамын тартты. Оның ішінде атом энергиясы туралы қаңқу сөздер мен мифтерді басшылыққа алған адамдар болды. Энергия көзі туралы да, елдегі инфрақұрылымның жай-күйі туралы да ақпарат тапшы еді», - деді Мәжіліс депутаты.
Мәжіліс депутаты референдумның өткені маңызды болғанын атап өтті.
«Алда көп жұмыс тұр: дауыс беру нәтижесін санау, оларды бекіту, содан кейін Үкіметтің үлкен құрылыстың барлық параметрін анықтау жұмыстары. Қазір референдумның өткені маңызды, ал қазақстандықтар конституциялық құрылымның жекелеген мәселелері үшін емес, келешекте өміріне физикалық әсер ететін нақты мәселеде дауыс беру мүмкіндігі мен тәжірибесіне ие болды. Бұл біздің өңірдегі ерекше жағдай», - деп жазды Шаталов.