USD
USD
USD

Мәжілістің жалпы отырысы бір минуттық үнсіздікпен басталды

Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысы Қарағанды облысында қаза болған кеншілердің құрметіне бір минуттық үнсіздікпен басталды, деп хабалайды Мәжілістің баспасөз қызметі. 

Мәжілістің жалпы отырысы бір минуттық үнсіздікпен басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «3 қарашада Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы шахтада болған апаттың салдарынан бес адамның қаза тапқаны бәрімізге белгілі. Барлық депутаттық корпус атынан қайтыс болған кеншілердің отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын», – деді Төраға Ерлан Қошанов.

Жарылыста қаза тапқан азаматтарды еске алу құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды.

Жалпы отырыста Палата Төрағасы жақында мандатын тапсырған Айбек Паяевтың орнына Дмитрий Максимович Легкийді таныстырды. Жаңа депутат Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халықтық партиясы атынан тіркелді.Мәжілісмендер жаңа әріптестерін қабылдауға бірауыздан «жақтап» дауыс берді, депутат Қазақстан халқына салтанатты түрде ант берді.

«Барша депутаттардың атынан құттықтаймыз. Жұмыстарыңызға табыс тілейміз», – деді Төраға.

Қазір оқып жатыр

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

.

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

.

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева