Мәжілістің мемлекетке қарыз 20 депутаты: Божко, Перуашев, Косарев, Қарақұсова...
PROTENGE телеграм каналында мемлекеттік бюджетке салық төлемеген 20 депутаттың тізімі жарияланды. Тізімде төменгі палата төрағасы Нұрлан Нығматулиннің екі бірдей орынбасары жүр.
Сонымен, салық төлемей жүрген «халық қалаулылары» кімдер? Мемлекет алдындағы қарызы қанша?
Владимир Божконың өткен жылғы қарызы 235 мың теңге болған, биыл 13 мыңнан сәл асатын қарызы бар.
Әдетте коммунистерді «адал» дейтін, бірақ «қып-қызыл коммунистер» Владислав Косаревтің 765 теңге, Жамбыл Ахметбековтің 25 947 теңге қарызы бар екен.
Мәжіліс төрағасының тағы бір орынбасары Гүлмира Исенбаева да 354 теңге салық қарызын төлеуге ерініп жүрсе керек.
«Ақжолдық» Азат Перуашевтің қарызы да аз емес – 56 мың теңгеге жуық.
Ең көп қарыз Ерлан Барлыбаевтың атына жазылыпты. Оның төленбеген салығы – 252 306 теңге.
Мемлекетке қарыз 20 депутаттың тізімі төмендегідей түзіліпті:
1. Абдиров Нурлан – 466,84 тенге;
2. Ахметбеков Жамбыл – 25 947 тенге;
3. Ашимбетов Нуржан – 18 115,38 тенге;
4. Барлыбаев Ерлан – 252 306, 44 тенге;
5. Божко Владимир – 13 191,84 тенге;
6. Бопазов Марат – 1 137,67 тенге;
7. Дауренбаев Амангелди – 7 619 тенге;
8. Звольский Сергей – 17 684 тенге;
9. Имашева Снежанна – 2 959,55 тенге;
10. Исимбаева Гульмира – 354,5 тенге;
11. Каныбеков Сакен – 3 817,51 тенге;
12. Карагусова Гульжан – 9 885,95 тенге;
13. Каракен Куралай – 224,95 тенге;
14. Косарев Владислав – 765,74 тенге;
15. Микаелян Наринэ – 1 145,48 тенге;
16. Мурадов Ахмет – 108 863,3 тенге;
17. Мынбай Дархан – 432 тенге;
18. Перуашев Азат – 55 891.14 тенге;
19. Сейдуманов Серик – 0,72 тенге;
20. Сыздыков Тургун – 18,03 тенге.
Ашық ақпарат көзінен алынған бұл дерек бүгін түскі 12:00-ге дейін ғана актуалды екен. Әгәрәки, аты аталған депутаттар түс ауа қарызын төлеп тастап, «қарызым кәне?» деп қарап отырса, тек «бәрекелді!» дейміз.