Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мәжілісмендер Шығыс Қазақстан облысындағы дәрігерлерді референдумға қатысуға шақырды

Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясының республикалық партиялық штабының мүшелері Зарина Камасова, Игорь Панченко және Ирина  Унжакова Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық «Ана мен бала» орталығына барды.

Мәжілісмендер Шығыс Қазақстан облысындағы дәрігерлерді референдумға қатысуға шақырды
Фото: NEGE.kz

Өскемен, NEGE. Мекеме ұжымымен әңгіме барысында депутаттар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша алдағы жалпыхалықтық референдумның мән-мағынасын түсіндірді.

«Біз Шығыс Қазақстан облысының бірнеше аудан және қалаларында болып, Конституцияға енгізілетін өзгерістермен толықтырулар бойынша халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Тұрғындар жалпыхалықтық референдумнан үлкен үміт күтетіндіктерін жеткізуде. Жалпы, референдум Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан» бастамасын жүзеге асырудың алғашқы баспалдағы болмақ», – деді республикалық штабтың мүшесі Ирина Унжакова.

«Конституциялық референдум мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, елдегі саяси ахуалға жаңа дем береді. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясының нақты жүзеге асуының дәлелі. Сонымен қатар мажоритарлы сайлау жүйесінің енгізілуі сайлаушылардың республикалық ғана емес, жергілікті жердегі де мүддесін жіті қорғауға мүмкіндік туғызады», – деді Зарина Камасова.

Жалпы «AMANAT» партиясының республикалық партиялық штабының мүшелері Шығыс Қазақстан облысының тек ғана орталығында емес, шалғай ауылдар мен аудандарына да барып, жалпыхалықтық референдумның маңыздылығы жайлы тұрғындарға түсіндіру жүргізуде.

Қазір оқып жатыр

Жеке вилла болмайды: Көк-Жайлаудағы Almaty SuperSki жобасының жай-жапсары

 Kazakh Tourism Development

KEGOC желілері бойынша электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді

жарық

Өзбекстанның да бірқатар облысында жарық өшті

жарық

Жетісудан Батыс Қазақстанға дейін: 13 тамызда партиялар өңірлерде қандай жұмыстар атқарды

Құрылтай сайлауы