USD
USD
USD

Мәжілісмендер Егіндікөл ауданындағы су мәселесін шешуді қолға алды

Мәжіліс депутаты Юлия Кучинская жұмыс сапарымен Егіндікөл ауылына барды. Алты айдан бері ауыл тұрғындарының басты проблемасына айналған ауыз су тапшылығы жөнінде аудандық мәслихаттағы «AMANAT» фракциясының депутаттарымен, аудан басшыларымен кездесіп, жұмыс жоспарын талқылады.

Мәжілісмендер Егіндікөл ауданындағы су мәселесін шешуді қолға алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Нұра топтық су құбыры 15 тұрғыны бар 24 елдімекенді сумен қамтамасыз етеді. Қорғалжын ауданының аумағы арқылы өтетін су құбырының жиі бұзылуына байланысты 3 сәуірден бастап Қоржынкөл және Бауман ауылдарында ауыз су тапшылығы сезіліп отыр. Сондықтан 2 маусымда Егіндікөл ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын.

– Су құбырының 90 пайызының тозығы жеткен. Тіпті, басқа да жерлерде су жиі тоқтап қалады. Жыл басынан бері су құбырында 79 апат тіркеліп, жекелеген учаскелерде су шығыны 70-80 пайызға жетті. Елдімекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін магистральдық желілердің зақымдалған учаскелерін толық ауыстырып, су құбырын жаңарту қажет, – деді Егіндікөл ауданының әкімі Ерлан Мұхамедин.

Депутат су шығару үшін қазылған құдықтарды да көріп шықты. Тұщы су алу мақсатымен қазылған құдықтардан әлі де таза су шықпай тұр. Бүгінгі күні Егіндікөл ауданы әкімдігі халыққа, оның ішінде әлеуметтік нысандарға және басқа да мекемелерге су жеткізіп беріп жатыр.

– Бұл жайт Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының назарында. Сондықтан алдағы сессияда бұл маңызды мәселені көтеріп, шешу жолын қарастыратын боламыз, – деді Ю.Кучинская.

Қазір оқып жатыр

Блогер Шайхтың миллион теңгеге сатылған бизнес-турлары тексеріліп жатыр

Еркежан Шайхиева

2,6 млрд теңге субсидия заңсыз алынған: экс-депутаттың ісі сотқа жолданды

Заңсыз субсидия

«Алтыншы күн қатарынан комада жатыр»: Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады

Баум тоғайында құлаған ағаш

Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде Ресейге 50 мың тонна бензин жіберуі мүмкін

Ресейге бензин жеткізу