USD
USD
USD

Мәжіліс Ұлттық қордан балаларға төлем жасау туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс Ұлттық қордан балаларға төлем жасау туралы заң жобасын мақұлдады. 2024 жылдың 1 қаңтарынан балаларға Ұлттық қордан қаражат төлене бастайды.

Мәжіліс Ұлттық қордан балаларға төлем жасау туралы заң жобасын мақұлдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Балалардың арнайы жинақ шоттарына 18 жасқа толғанға дейін Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50%-ы аударылатын болады. Бұл қаражатқа олар болашақта тұрғын үй жағдайын жақсарта алады немесе білім алады. Бұл ретте тұрғын үйді тек Қазақстан аумағында ғана сатып алуға рұқсат етіледі, сондай-ақ шетелдік оқу орындарында оқуға болады», – деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі. 

Бағдарлама 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылады. Әрбір баланың шотына оның бағдарламаға қатысқан тиісті жылы үшін туғаннан немесе Қазақстан азаматтығын алғаннан бастап 18 жасқа толғанға дейін тең мөлшерде есептеледі. Ақшаны кәмелетке толғаннан кейін ғана пайдалануға болады, бірақ азаматтығын өзгерткен немесе жоғалтқан жағдайда балалар бұл құқығынан айырылады. Төленген қаражат салық салудан босатылады.

Заң Сенатқа жіберіледі.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс