USD
USD
USD

Мәжіліс Төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Бүгін Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте иеленген Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.​ Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәжіліс Төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бүгін Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте иеленген Талғат Бегелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Мәжіліс Спикері соғыс майданынан оралмаған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Қазақстандықтар КСРО-ның басқа да көптеген халықтары сияқты ортақ Жеңіске жетуге қомақты үлес қосты.

Қазақстаннан майданға 1 миллион 200 мыңнан астам адам аттанып, олардың жартысы соғыстан оралмады. 500-ден астам қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанды. Оның ішінде Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте иеленген ұшқыш-шабуылдаушы, соғыс жылдарында 305 рет әскери шабуылға шығып, жаудың жеті ұшағын атып түсірген Талғат Бигелдиновті ерекше атап өтуге болады.

Биыл Талғат Бигелдиновтің туғанына 100 жыл толып отыр. Аты аңызға айналған қазақстандық ұшқыштың монументі елорданың Сарыарқа ауданындағы батырдың құрметіне берілген көшедегі саябақта орналасқан.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы