USD
USD
USD

Мәжіліс төрағасы: Сайлаушылармен жиірек кездесуге тиіспіз

Халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған барлық бастамаларды сапалы заңдармен қамтамасызтету керек. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлім етті. 

Мәжіліс төрағасы: Сайлаушылармен жиірек кездесуге тиіспіз
Фото: NEGE.kz
 
Алматы, NEGЕ. «Жұртпен қарым-қатынас, олардың мүддесін қорғау – сіздер мен біздің күнделікті жұмысымыздың негізі. Депутаттардың сайлаушылармен тиімді жұмыс істеуі үшін біз барлық жағдайды және қосымша мүмкіндіктерді жасауымыз қажет. Мүмкін, халықпен кездесу форматын қайта қарауымыз керек шығар. Тамыршыдай тап басып, жұрттың мұң-мұқтажын білу үшін және заңдар қабылдау арқылы олардың көкейкесті проблемаларын шешу үшін біз сайлаушылармен жиірек кездесуге тиіспіз», - деді Е. Қошанов Мәжілістің жалпы отырысында.

 

Осы орайда ол барлық бастамаларды сапалы заңдармен қамтамасыз ету керек екенін атап өтті.

«Жұмысымызда осы принциптерді басшылыққа ала отырып, біз бүкіл қазақстандықтардың мүддесін лайықты білдіре аламыз деп сенемін. Біздің мақсатымыз айқын, міндетіміз ортақ. Ол елдің дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған барлық бастамаларды сапалы заңдармен қамтамасыз ету. Осы жолда, құрметті депутаттар, бірлесе еңбек етіп, тиісті нәтижелерге жетеміз деп сенемін», - деді Мәжіліс төрағасы.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Александр Пак

ҰБТ басталған алты аптаның ішінде 624 талапкердің нәтижесі жойылған

ҰБТ

CTS Астанадағы LRT-ның келесі кезеңіне Қытай биржасынан инвестиция тартыла ма?

.

Мәжіліс төрағасы Брест қамалы музейіне Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты

Ерлан Қошанов