USD
USD
USD

Мәжіліс сот орындаушыларына қатысты заң жобасын мақұлдады

 Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.

Мәжіліс сот орындаушыларына қатысты заң жобасын мақұлдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Заң жобасын әзірлеу кезінде тиісті мақсаттарды алға қойдық. Біріншіден, құжаттардың орындалу тиімділігін, сапасы мен уақытылығын арттыру. Екіншіден, кемшіліктерді жою әрі атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтарын бұзуға жол бермеу. Осыған орай салалық заң мен заңға тәуелді актілерге кешенді талдау жүргіздік», - деді депутат Асылбек Смағұлов.

Заң жобасын қабылдау мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: жеке сот орындаушыларының қызметін жетілдіру және атқарушылық іс жүргізудің тиімділігін, атап айтқанда, сот орындаушысы қабылдайтын процестік құжаттарды, әрекеттерді оңтайландыру және осы әрекеттердің реттілігін айқындау арқылы арттыру; заманауи технологияларды енгізу, атқарушылық іс жүргізу тараптары үшін мәжбүрлеп орындату жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру; жеке сот орындаушыларының тәртіптік практикасын жетілдіру; «Астана» халықаралық қаржы орталығы» сот актілерін атқарушылық құжаттар тізбесіне енгізу; мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыс берушілердің жалақы төлемеу мәселелері бойынша берген ұйғарымдардың тиімді орындалуын қамтамасыз ету. Жоғарыда көрсетілген міндеттерді іске асыру - сот орындаушыларының, оның ішінде жеке сот орындаушыларының қызметін серпінді дамытуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатудың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Бұл өз кезегінде азаматтардың бұзылған құқықтарының тиімді қорғалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Еске сала кетейік, 2019 жылдың наурыз айында өткен Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданған еді. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Күдікті

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

AirAstana

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Зейнетақы