USD
USD
USD

Мәжіліс Президенттің жер туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжілістің жалпы отырысында Президент бастамашы болған жер туралы заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды. Бұл туралы Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин

Мәжіліс Президенттің жер туралы заң жобасын мақұлдады
Фото: NEGE.kz

әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Бұл құжат ауыл шаруашылығы мақсатындғы жерлерді шетел азаматтарына және шетелдік үлесі бар кәсіпорындарға сатуға және жалға беруге тыйым салуды көздейді.

Бұл заңды Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің биылғы 25 ақпандағы V отрысында өзінің Президент ретіндегі заң шығару бастамашылығы тәртібімен әзірлеуді тапсырған болатын.

Ал, 12 наурызда заң жобасы Президенттің арнайы жолдауы арқылы Мәжілістің қарауына енгізілді. Осы құжат бойынша жұмыс тобының 3 отырысы және Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің кеңейтілген 2 отырысы өтті. Депутаттар заң жобасын 7 сәуірде жалпы отырыста бірінші оқылымда қарастырды.

Бүгін Мәжіліс депутаттары заң жобасын екінші оқылымда қарап, нәтижесінде толық қолдады. Енді, құжат Сенаттың қарауына жолданады.

Заң жобасы талқыланудың барлық кезеңінен бірте-бірте өтіп келеді. Президент бастамашы болған жер туралы заң ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салып, осыған қатысты туындаған түрлі қауесет пен дау-дамайға нүкте қояды», – деп жазды Президенттің көмекшісі.

Қазір оқып жатыр

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?

.

Бұралқы иттерге қатысты заң Президентке жолданды

Ит

Ақсудан соң Алматыда не болмақ?

.

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Жаеуарларға қатыгездік таныту