USD
USD
USD

Мәжіліс пен мәслихат сайлауы бір күнде өтеді

Мәжіліс пен мәслихат сайлауы бір күнде - 19 наурызда өтеді, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.

Мәжіліс пен мәслихат сайлауы бір күнде өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Мәжіліс депутаттарын да, барлық деңгейдегі мәслихаттарға да бір күні, 19 наурызда сайлау өткізу ұсынылады. Біз ОСК мүшелерімен бұл мәселені талқыладық. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкенттің аумақтық сайлау комиссияларына тиіс шаралар қабылдауды тапсырамын", - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров отырыс барысында.

ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын Орталық сайлау комиссиясы Президенттің Жарлығы негізінде тағайындайтынын және мәслихаттар өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс екенін айтты.

Тіркеу мерзімі 20 қаңтардан 18 ақпанға дейін өтетіні нақтыланды. Сайлауалды үгіт тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінен бір күн бұрын жергілікті уақыты бойынша сағат 00-де аяқталады - 18 Ақпан 18:00-ден 18 наурыз 00:00-ге дейін.

Қазір оқып жатыр

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов

«20 млн теңге ұсынды»: Павлодарда қаза болған кәсіпкердің анасы тергеудің әділ жүргізілуін талап етеді

Икрам Нұрмашов

Көктасжал кен орнына кім иелік еткен? Altyndara дауға жауап берді

Кен өндірісі

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым