USD
USD
USD

Мәжіліс отырысы бір минут үнсіздікпен басталды

Депутаттар 1 қарашада қайтыс болған Темірхан Досмұхамбетовті бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Еске алу алдында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин марқұм жайлы естелік сөз айтты.

Мәжіліс отырысы бір минут үнсіздікпен басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Еліміздің дамуына орасан зор үлес қосқан нағыз бірегей тұлға Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхамбетовті көбіңіз танисыз. Көрнекті мемлекет қайраткері. Ол Қазақстан тәуелсіздігінің бастауында Елбасымен бірге болғандардың бірі. Ол әр түрлі салада қызмет етті. Бір кездерде Туризм және спорт министрі, елорда әкімі болды, Ұлттық Олимпиада комитетін басқарды. Ол заң шығару саласындағы қызметін 12-шақырылымдағы Жоғарғы Кеңестен бастап, кейін Парламент Мәжілісінің депутаты да болды. Марқұм қай жерде жұмыс істесе де тамаша нәтижелерге қол жеткізді», – деді Мәжіліс төрағасы.

Ол соңғы кезде Темірхан Досмұхамбетовтің ауыл шаруашылығымен табысты айналысып жүргенін айтты. Спикердің сөзінше, марқұм қайраткер өмірінің соңына дейін басқарған «Байсерке-Агро» ғылыми-өндірістік холдингі бүгінде Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал өндіріс орнына айналған.

«Ол шынымен де өте жауапты тұлға еді. Шынайы, еліміздің нағыз патриоты болды. Барша депутаттық корпус атынан отбасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз», – деді Нығматулин.

Қазір оқып жатыр

Әпкесін отшашумен құттықтамақ болған Астана тұрғыны 5 тәулікке қамалды

отшашу

Непалдағы жойқын су тасқыны: қазақстандық турист іздестіріліп жатыр

су тасқыны

Құрылтай депутаттарына алтыннан емес, жезден әзірленген төсбелгі табысталды

Құрылтай төсбелгісі

АҚШ-та ұлттық қауіпсіздікке төнген ықтимал қатерге байланысты төтенше жағдай жарияланды

төтенше жағдай