USD
USD
USD

Мәжіліс Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етуін жою туралы түзетуді қабылдады

ҚР Парламентінің мәжілісі Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесіне өмір бойы төрағалық етуін жою туралы заңға түзетулер қабылдады. Бұл туралы депутат Қанат Нұров мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжіліс Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етуін жою туралы түзетуді қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. «Мемлекет басшысының парламенттегі сөзі революциялық сипатта болды. Халық бір жеңілдеп қалды. Енді парламент пен үкімет Президенттің барлық уәдесін толық, жедел орындауы керек. Әуелі Тұңғыш Президенттің Қазақстан халқы ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесіндегі өмір бойы төрағалығын алып тастау керек болды. Бұны біз бүгін атқардық. Мәжілістің бұл тарихи шешіміне депутаттар атсалысты»,  - деді депутат Қанат Нұров.

Депутаттың айтуынша, "ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы", "Қазақстан халқы ассамблеясы туралы" және "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі туралы" конституциялық заңдарға қажет барлық түзету енді Сенатқа жіберіледі. Себебі ҚХА мен Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ету тұлғасы бойынша емес, лауазымы бойынша заңды түрде ҚР Президентіне тиесілі. Бұл туралы Қанат Нұров Facebook-тегі парақшасында жазды.

Сонымен қатар, ол Қазақстанда экономикадағы саяси монополияларды жойып, пайдалы қазбаларды экспорттауға байланысты қаржылық және валюталық ағымдармен айналысу, оларды ашық ету қажет екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

Курьер

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Қызылорда облысы әкімдігі

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

.

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Ер-азаматтар