USD
USD
USD

Мәжіліс қоғамдық бақылау туралы заңды қабылдады

Палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Ерлан Саиров «Қоғамдық бақылау туралы» заң және оған ілеспе түзетулер мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың ашықтық деңгейін кеңейтуге, азаматтардың қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталғанын айтты.

Мәжіліс қоғамдық бақылау туралы заңды қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олар бойынша бірінші оқылым өткен жылдың желтоқсан айында өтті, содан бері жұмыс тобы бірқатар түзету енгізді.

– Қоғамдық бақылау объектілеріне «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен оның еншілес компаниялары, Назарбаев зияткерлік мектептері және басқа да дербес білім беру ұйымдары жатады. Азаматтарға петиция беру құқығын тек электрондық нысанда ғана емес, қағаз түрінде де беру құқығы беріледі. Петицияны орналастыру үшін қажетті дауыстар саны (150-ден 50-ге дейін) азайтылып, мемлекеттік органдардың петицияны қарау мерзімдері (орталық мемлекеттік органдар үшін – 60 күннен бастап 40 күнге дейін және жергілікті атқарушы органдар үшін-20 күнге дейін) қысқартылады», – деді Е.Саиров.

Қазір оқып жатыр

Роналду рекорд орнатқан ойында Португалия Өзбекстанды ойсырата жеңді

.

«Ауылда» да төраға ауысты: Егізбаев орнын босатты

.

Оңтүстікте жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен қуылды

.

26 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент