Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мәжіліс: Қашықтан жұмыс істеуге қатысты еңбек заңнамасы жетілдіріледі

Парламент Мәжілісі «ҚР Еңбек кодексіне қашықтықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылауды бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжіліс: Қашықтан жұмыс істеуге қатысты еңбек заңнамасы жетілдіріледі
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE.  Мәжілістің жалпы отырысында аталған заң жобасына Парламент депутаттары бастамашылық еткені айтылды.

«Қазіргі кезде қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру тәжірибесі еңбек заңнамасын жетілдіру қажеттілігін көрсетті. Осыған байланысты заң жобасы қашықтан жұмыс істеуге байланысты еңбек қатынастарын реттеуді көздейді. Уақытша және аралас жұмыс, жұмыс кестесін, жұмыс уақытын, қызметкер мен жұмыс берушінің жауапкершілігін белгілеу сияқты жаңа жұмыс режимдерін енгізу ұсынылады», - деді Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы, депутат Жәмилә Нұрманбетова.

Оның айтуынша, жалпы алғанда, заң жобасының қолданылуымен оң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар күтіледі. «Комитет заң жобасы бойынша 2021 жылғы 22 желтоқсанға дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Ж. Нұрманбетова.

Қазір оқып жатыр

Қарағанды облысындағы дала өртінен екі адам зардап шекті

Қарағанды облысы

Бір күнде 14 айыппұл: Алматы облысында жүргізушілер дабыл қағып жатыр

Автобан

Мемлекет БАҚ пен блогерлердің аккаунттарын бұғаттауға мүдделі емес – Аида Балаева

Аида Балаева

Мәскеу облысында Wildberries-тің ірі қоймасы өртке оранды

Вайлдберрис