USD
USD
USD

Мәжіліс Қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жасау туралы заң жобасын қарауға кірісті

Қ

Мәжіліс Қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жасау туралы заң жобасын қарауға кірісті
Фото: NEGE.kz

аңтар оқиғасының қатысушыларына қатысты "Рақымшылық жасау туралы" заң жобасы Мәжіліс депутаттарының талқылауына енгізілді, деп хабарлады Stan.kz.

Алматы, NEGE. Заң жобасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасы негізінде әзірленді.

"Заң жобасының мақсаты – Қазақстан аумағында 2022 жылғы 4-7 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты қылмыстық құқықбұзушылықтар жасағандарды қылмыстық жауаптылықтан босату немесе сот тағайындаған жазаның мерзімін қысқарту. Құжат азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар жасаған адамдарға мемлекет пен қоғам жағынан мейірімділік және ізгілік актісі болып отыр", – деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық комитетінің төрағасы Арман Қожахметов палатаның жалпы отырысында.

Айта кетейік, биыл қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасалатынын айтты. Осы орайда, 1 520 адамға рақымшылық жасалуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.