USD
USD
USD

Мәжіліс депутаттары отандық контентті дамытуға бағытталған бірқатар жүйелі шараларды ұсынды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға және оның үлесін 50-ден 70 пайызға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту арқылы отандық контентті дамытуға бағытталған бірқатар жүйелі шараларды ұсынды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлім етті. Оның айтуынша, сала өкілдерінің пікірін ескере отырып, министрлік кезең-кезеңімен көшуді ұсынады.

Мәжіліс депутаттары отандық контентті дамытуға бағытталған бірқатар жүйелі шараларды ұсынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Депутаттар ұсынған жаңашылдықтар шетелдік теле-радио бағдарламалардың ретрансляциясын 20%-дан 10%-ға дейін төмендетуге, сондай-ақ өңірлік және балаларға арналған БАҚ-ты қолдаудың бірқатар стандарттарына да қатысты болып отыр. Қазір депутаттар ұсынған түзетулер жұмыс тобының отырыстарында талқылануда», - деді министр.

Заң жобасын әзірлеу барысында сала өкілдерінен түскен барлық ұсыныстар ескеріліп, пысықталады. Министрлік заң жобасын бірлесе, ашық талқылауға әрдайым дайын.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар