USD
USD
USD

Мәжіліс депутаттары іссапармен Қызылорда облысына барды

Мәжіліс депутаттары өңірлердегі сапар барысында Сыр өңірінде ауыл шаруашылығы мәселелерін талқылады.

Мәжіліс депутаттары іссапармен Қызылорда облысына барды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәжіліс төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі Серік Қожаниязовпен бірге Жаңақорған ауданындағы Келінтөбе магистралды каналын тазалау жұмысымен көзбен көріп, аудандағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесті.

Сапар барысында Шиелі магистралді каналынан Қамыстықақ каналына насос қондырғысы арқылы қосымша су беру жұмыстарымен танысып, жүзеге асырылуы тиіс жобаларды талқылады. Сонымен қатар депутаттар осы өңірдегі шаруа қожалықтарының иелерімен кездесіп, пікір алысты.

Кездесуде кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы дақылдарын суармалы сумен қамтамасыз ету, егін егу маусымына дайындық, суды үнемдеу, суды көп талап ететін дақылдарды қысқарту және ауыл шаруашылығындағы субсидиялау мәселелері көтерілді.

Қазір оқып жатыр

40 жаста жүзуді бастаған қазақ қызы Балқаштың 21 шақырымын қалай бағындырды?

Балқашты жүзген қазақ әйелі

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай