USD
USD
USD

Мәжіліс депутатымен кездесуде ауыл шаруашылығындағы түйткілдер көтерілді

Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясының мүшесі Азамат Әбілдаев Түркістан облысына сапары барысында ауылшаруашылық мәселелеріне ерекше назар аударды, деп хабарлайды төменгі палатаның баспасөз қызметі.

Мәжіліс депутатымен кездесуде ауыл шаруашылығындағы түйткілдер көтерілді
Фото: NEGE.kz

Түркістан. NEGE.  Депутат Сайрам ауданындағы егін шаруашылығы, мал шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп салаларына мән беріп, облыстағы ең ірі мал бордақылау кешені болып саналатын «Нұрым Групп» ЖШС-не барды. Олар жаңа технологияларды ендіре отырып, қосымша 5 мың бас бұқашық алып, бордақылау кешеннің сыйымдылығын 12 мың басқа жеткізген. Онымен қоса, депутат бұл мал бордақылау кешенінде қосымша құрама жем шығаратын цех және мал сою алаңының жұмысымен танысты.

Серіктестік басшылары бүгінгі таң­да мал бордақылау ала­ңын­­да 12 000 бас ірі қара мал барын айтты. Онда 5000 тоннаға дейін ет да­йындалады. Бір жылдық табысы 3 млрд теңгені құрап, 60-тай адам тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Кездесу барысында депутатпен бірқатар маңызды проблемалар талқыланды. Кәсіпорын ұжымы ет өнімдерін экспорттау бары­сын­дағы кедергілерді азайтып, қызыл етті экспортқа шығаруға жол ашу, ең бастысы субсидия мәселесін көтерді. Айта кету керек, елімізде субсидияның 40 тан аса түрі бар, көлемі біршама өсіп те келеді.

Қазір оқып жатыр

Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды

.

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік