USD
USD
USD

Мәжіліс депутаты жалғызбасты ата-аналардың мәселесін көтерді

Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев жалғызбасты ата-аналардың мәселесін көтеріп, Тамара Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдады.

Мәжіліс депутаты жалғызбасты ата-аналардың мәселесін көтерді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сонымен қатар депутат бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы мерзімін ұзартуды ұсынды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасы мәселесіне үнемі қолдау танытып, басымдық беретіндігі баршамызға белгілі. Бүгінгі депутаттық сауал толық емес отбасылар, жалғызбасты ана және жалғызбасты әкелердің әлеуметтік қорғалуы туралы. Депутаттық сауалдың толық мәтіні қосымша жолданады. «AMANAT» партиясы толық емес отбасылардың, асыраушысынан айырылған отбасылардың және жалғызбасты аналардың, жалғызбасты әкелердің әлеуметтік жағдайын қолдау, ол отбасыларындағы балалардың қалыптасып, дамуы туралы жүйелі шараларды жүзеге асыруға байланысты келесі ұсыныстарды енгізеді»,  – деді Балабиев.

Депутат бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы мерзімін 3 жылға дейін ұзарту қажет деп есептейді.

«Жұмыссыз жалғызбасты аналар және жалғызбасты әкелердің бала күтіміне байланысты ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшерін заңда бекітілген күнкөріс минимумына теңестіруді сұраймыз. Жалғызбасты аналар және жалғызбасты әкелердің балаларына мемлекеттік балабақшадан орын алу үшін кезекте басымдық беруді, мектептерде спорт секцияларына және шығармашылық үйрмелерге тегін қатысуын қамтамасыз етуді, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарға кәсіби бағдар жұмысының бағдарламасын қабылдап, грант негізінде білім алып, еңбекке араласуын қарастыратын бағдарлама қабылдауды сұраймыз», – деді депутат.

Қазір оқып жатыр

Kaspi.kz қосымшасында әскери есеп туралы анықтаманы алуға болады

kaspi.kz

СҚО-да кен орнына апаратын кірме жол құрылысы 8 жылдан бері әлі аяқталмаған: басқарма басшысы күдікке ілінді

бюджет қаражатын жымқыру

Ұмай ана қолдады. «Отбасы банк» топ-менеджерлерінің табысы НЕГЕ тез өсіп келеді?

.

Алты адам қаза тапқан Aqtogai Milk-тегі қайғылы жайтты тексеру қорытындысы жарияланды

Aqtogai Milk