USD
USD
USD

Мәжіліс депутаты Түркістан жастарымен кездесті

Парламент Мәжілісінің депутаты Қайрат Балабиев Түркістан қаласындағы «Жеңіс» саябағында жастармен кездесу өткізді.

Мәжіліс депутаты Түркістан жастарымен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Басқосуда депутат Парламент қабырғасында қабылданып жатқан заң жобаларының мән-маңызына тоқталып, жастарды ел игілігі жолында адал қызмет етуге шақырды.

– Қашан да адал еңбектің наны тәтті. Таза еңбекпен табысқа жеткен адамның күндіз күлкісі, түнде ұйқысы тыныш болады. Тынымсыз еңбек телегей табысқа жеткізеді.  Жастар жастық шақта білім алып, тіл үйреніп, жан-жақты жұмыс істеп үйренсе, жалқаулыққа жол бермейді. Мамандық таңдауда жаңылмау керек. Қиындықтарды сабырмен және табандылықпен жеңуге тырысқан жөн, – деді Қ.Балабиев.

Депутаттың айтуынша, бүгінде жастардың зор жетістіктерге жетуі үшін мүмкіндік мол. Әсіресе, мемлекет тарапынан жастарды қолдауға бағытталаған бағдарламалар мен жобалар жетерлік. Қайрат Балабиев солардың бір сыпырасын түсіндіріп берді.

– Өңірлерде білімді, білікті, өжет жастарымыз көп. Олар облыстарда, аудандарда қалып қойып жатады. Біз сондай жастарды тартып, мемлекет деңгейінде қызмет атқаруға жол ашуымыз керек. Бұған «AMANAT» партиясы да атсалысып келеді. Жастарды қолдау – біздің басым бағытымыз, – деді Мәжіліс депутаты.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс