USD
USD
USD

Мәжіліс депутаты Назарбаевтың күйеу балаларын лауазымдарынан айыру туралы шешімді түсіндірді

ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров «QazaqGaz» және «ҚазТрансОйл» ұлттық компанияларының басқарма төрағалары Қайрат Шәріпбаев пен Димаш Досанов не себепті қызметтерінен босатылғанын түсіндірді.

Мәжіліс депутаты Назарбаевтың күйеу балаларын лауазымдарынан айыру туралы шешімді түсіндірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы «Говорит Москва» радиосына берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, мұндай шаралар республиканың дамуына оң әсерін тигізеді. Саиров Қазақстанда қоғамдық игіліктерді тең бөлу проблемалары бар екенін, сондықтан қазіргі таңда ел Пъпрезиденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалар бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

«Бұл кадрлық өзгерістер ел үшін маңызды. Депутат: Іс жүзінде бұл Қазақстан экономикасын олигархтардан тазарту болып отыр. Процесстер басталды», – деді Саиров.

Дегенмен елдегі ірі компаниялардың басқару секторындағы өзгерістер сенсация туғызбайды, деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу балалары «QazaqGaz» және «Қазтрансойл» ұлттық компанияларынан босатылғаны белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

Тоқае вице-президент лауазымына Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды

вице-президент

«Ұмай» ипотекасына өтініш қабылдау басталды

Жаңа шарттары

Британ құқығы оларды қорғай ма? Олигархтар НЕГЕ АХҚО-ға жаппай көшуде?

.

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі