USD
USD
USD

Мәжіліс депутаты ғалымдармен кездесті

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында ғалымдармен кездесу өткізді.

Мәжіліс депутаты ғалымдармен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Басқосу отандық ғылымды ілгерілету, жылдар бойы қордаланып қалған ғылым мәселелерінің шешімін табу, ғылыми жобаларға қолдау көрсету және коммерциализациялау тақырыбында өрбіді.

– Мәселенің қаншалықты тереңде жатқанын түсінуіміз керек. Бізде ғылыммен айналысатын кадр жоқтың қасы. Ғылымды дамытуды осыдан бастайық. Шетелдік білім беру мекемелерінің оқу бағдарламасын саралауымыз қажет. Солардың ішінен бізге қолайлысын алып енгізсек, отандық ғылымға кәсіби мықты мамандар ден қояр еді. Осы тектес бірқатар мәселені тізбектеп айта беруге болады. Бірақ кадр тапшылығы кезек күттірмейтін іс болып отыр, – деді Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Ақылбек Күрішбаев.

Жиынға шетелдегі қазақ ғалымдары онлайн қатысып, өзекті мәселелерді атап өтті. Білікті ғалымдарды жұмыспен қамту, олардың әлеуетін отандық ғылымды дамытуға бағыттау жайы қозғалды. Бұл ретте Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясына нақты ұсыныстарын беретіндерін айтты. 

– Қазір ғылымның қарыштап тұрғанын ешкім де жоққа шығара алмайды. Елімізде ғылымға ерекше көңіл бөлініп жатқаны бәрімізді қуантады. Мемлекет басшысы ғылымсыз алға жылжу мүмкін емес  екенін бірнеше рет қадап айтты. Бұған дейін Күнсұлу Дальтонқызымен де кездесіп, ғылымның ахуалы туралы әңгімелестік. Ойымыз бір жерден шықты. Депутат ретінде ғылымды дамыту үшін заңнамалық тұрғыда атсалысуға дайынбыз, – деді Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс