USD
USD
USD

Мәжіліс депутаты Фуат Сатыбаев ант қабылдады

Жаңадан сайланған Мәжіліс депутаты Фуат Сатыбаев палатаның жалпы отырысында ант қабылдады.

Мәжіліс депутаты Фуат Сатыбаев ант қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болады."Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант етемін. Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай орындауға, маған сеніп тапсырылған депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін", - деді Фуат Сатыбаев.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутатты жаңа қызметімен құттықтады.

Фуат Сатыбаев 1965 жылы дүниеге келген. Семей мемлекеттік медицина институтын бітірген.
Осы жылдар ішінде хирург, страсс серіктестігінің директоры, "Мойылды" шипажайының бас директоры қызметтерін атқарған.

2021 жылдан бері "Ақ жол" партиясынан Павлодар облыстық мәслихатының 7-шақырылымының депутаты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті