USD
USD
USD

Мәжіліс депутаты: Елімізде смарт қалалар санын арттырудың экономикалық тиімділігі зор

Бүгін Мәжіліс депутаты Ғазиз Құлахметов Алматы қаласында IT стартаптардың (қоғамдастықтың) өкілдерімен кездесті.

Мәжіліс депутаты: Елімізде смарт қалалар санын арттырудың экономикалық тиімділігі зор
Фото: NEGE.kz

Онда алматылық жастар депутатқа цифрлық талғамын жетілдіріп, өндірістік қауіпсіздік, сервистік қызмет түрлері, телемедицина салалары бойынша өз өнімдерін көрсетіп, осы саладағы бірқатар мәселелерді атады. Жастардың айтуынша, венчурлық қаржыландыру мен инвестиция тарту мүмкіндігі өте аз. Бүгінде 90-95 пайыз IT маман иелері қолдаудың жоқтығы салдарынан басқа кәсіппен айналысуға мәжбүр. Ал кәсібін сәтті жалғастырып келе жатқан әртүрлі он стартаптың өкілдері  ағартушылық мақсатпен қауымдастыққа бірігуде.

Депутат атап өткендей, қазір ақпараттық технологиядан хабары бар әрбір қазақстандық күніне кемінде 100 минут уақытын интернетке жұмсайды. Сарапшылардың есебінше, смартфон иелерінің 60 пайызы мобильді интернетті өте белсенді пайдаланады. Ақпараттық қосымшалардың арқасында адамдар күнделікті тұрмысын өз уақыты мен ыңғайына икемдеуге әуес. Инновациялардың көмегімен күрделі іскерлік операцияларды жүзеге асыру үшін уақыт тығыздығы, жер қашықтығы деген ұғымдар кедергі болудан қалып бара жатқаны да рас. 

«Технологияның дамуы біздің де талап, талғамдарымызды өзгерте бастады. Әсіресе, тұрғындар мен қалалық кеңістіктің қарым-қатынасынан үлкен жаңашылдық анық сезіледі. Телефонмен такси шақыру, тамаққа тапсырыс беру, сан алуан төлемдерді жасау, құжат алу, дәрігерге жазылу сияқты толып жатқан тың жаңалықтардың куәсіміз. Осылайша, ақылды - сандық кеңістікті (қала, ауыл) жедел қалыптастыру мемлекетіміз үшін өте маңызды шаралардың бірі», – деді Ғазиз Құлахметов.

Депутаттың пікірінше, елімізде смарт қалалар санын арттырудың экономикалық тиімділігі зор.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков