USD
USD
USD

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Оралдағы «Зенит» зауытының ұжымымен кездесті

Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақжол» фракциясының жетекшісі Азат Перуашев қорғаныс және шаруашылық мақсатындағы өнімдер шығаратын «Зенит»  кәсіпорынында болды.

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Оралдағы «Зенит»  зауытының ұжымымен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бес жүзге  жуық адам жұмыс жасайтын зауыт бүгінде Каспий теңізіндегі шекара қызметінде жүрген кемелерді құрастырады.

Депутат кәсіпорын цехтарындағы жұмыстармен танысып,  ұжым қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

Зауыт қызметкерлері кәсіподаққа мүшелікке өту проблемасын қозғады. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау, жалақысын көтеру бойынша біраз мәселе көтерілді. Азат Перуашев бұл жайттарды мұқият зерттеп, заңнамалық тұрғыда қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаты Парламентте қабылданып және қаралып жатқан заңдарға, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы депуттардың ұсыныстарын айтып, жан-жақты түсіндіріп берді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты