USD
USD
USD

Мажарстанда өткен халықаралық турнирде боксшылар бес алтын алды

Қазақстандық боксшылар Дебреценде (Мажарстан) Иштван Бочкаиды еске алуға арналған халықаралық турнирде бес алтын алды.

Мажарстан
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Барлығы 9 қазақстандық спортшы финалға шықса, соның бесеуі чемпион атанды.

Атап айтқанда, Асхат Жүсіпов 48 келіге дейінгі салмақта украиналық Андрей Тишковечті басым дауыспен жеңді.

Сондай-ақ Асылжан Серікбай (57 кг) мажарстандық Роланд Верешті, Бибарыс Жексен (60 кг) тағы бір шаршы алаң иесі Крузито Ковачты, Ертуған Зейнуллинов (63,5) Ричард Ковачты басым дауыспен ұтты. Ерасыл Жакпековтің (80 кг) қарсыласы, мажарстандық Пал Ковач рингке шықпағандықтан, жеңіс қазақстандық боксшыға берілді.

Даниял Сәбит (51 кг) мажарстандық Аттила Бернатқа басым дауыспен есе жіберді. Тағы бір мажарстандық Габор Вирбан (54 кг) Кенже Мұратұлын төрешілердің бірауыздан шешімімен қапы қалдырды.

Сабыржан Аққалықов (71 кг) украиналық Юрий Захареевке басым дауыспен жол берді. Темірлан Мұқатаев та (86 кг) украиналық Данил Жасаннан жеңіліп қалды – 0:5.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тас жолында мас күйде жол апатын жасап, үш адамның өмірін қиған жүргізуші 10 жылға сотталды

Алматы – Қорғас тас жолындағы жол апаты

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті

қол қою

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 108 долларға жетті

мұнай бағасы

ҚМГ ауруханаға берген 131 млн теңге «жымқырылған»: Жаңаөзенде экс-шенеунік тексерілуде

ҚМА қызметкерлері мен күдікті