USD
USD
USD

Мажарстан көшпенді халықтардың ұлттық спортын насихаттауда

Мажарстанда көшпенді халықтардың ұлттық спорт түрлерінен халықаралық сайыс өтті.

Мажарстан көшпенді халықтардың ұлттық спортын насихаттауда
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оған қатысқандар ат жарыс, жекпе-жек, қашықтан садақ ату, семсерлесу сынды көшпенділер ойындарының 10 түрінен өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жарысқа келгендер мажарлардың ұлттық сұңқар ұшыру дәстүрін тамашалап, көшпенді тұрмысқа қатысты фотокөрме, киіз үй жабдықтары мен қару-жарақ түрімен танысты.

 Іс-шара «Мажар-Тұран» қоры құрған Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен Мажарстандағы «Садақшылар жолы» мектебінің ұйымдастырумен өтті.

Шараның негізгі мақсаты – көшпенділер мұрасын сақтау әрі оны қайта жаңғырту. Көшпенділер рухы мен спортын дәріптейтін шараның ашылу салтанатында Альбертирша қаласының мэрі Фазекаш Ласло мен «Мажар-Тұран» қорының президенті Андраш Биро сөз сөйлеп, қатысушылар мен көрермендерді құттықтады. Сонымен қатар сайыстың салтанатты ашылуына Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігі өкілдері қатысты.

Екі күнге созылған шарада қонақтар назарына көшпенділер үлгісімен сәнделген киіз үйлер, ата-бабаларымыздың өмір салты мен қару-жарақ өнері жайлы көрме ұсынылды.

Сондай­-ақ, шара қонақтары көшпенділердің киім кию ерекшелігі, ат әбзел түрлері мен өзге де құрал-жабдықтармен танысыстырылды. Жүйрік аттар мен өркешті түйлере қонақтарды тәнті етті. Бағдарлама аясында көрермендерге құс салу, соғыс өнері мен қару-жарақ түрлері, көкпар тарту, ат спорты төрелігі бойынша қойылымдар ұсынылды.

Сондай-ақ, дәстүрлі қолөнер бұйымдары қойылған жәрмеңке ұйымдастырылды.

 

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park