Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Майқайыңдағы апат: Комиссия тергеу қорытындысын жариялады

«Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы апатты тергеу жөніндегі комиссия тексеріс нәтижесін жариялады.

Майқайыңалтын
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Мұса Танабаевтың төрағалығымен комиссия мүшелері жобалық құжаттаманы зерделеп, тергеуге 4 сараптамалық ұйымды, оның ішінде Ресей Федерациясының сарапшысын тартып, алтын өндіруші кәсіпорынның куәгерлері мен лауазымды тұлғаларына сауалнама жүргізді.

Сонымен қатар, комиссия шахтаға түсіп, оқиға орнын зерттеді.

«Комиссия 7 жауапты адамды анықтады, олардың әрекеті салдарынан жазатайым оқиға болды. Еңбек заңнамасына сәйкес тергеу материалдары құқық қорғау органдарына жіберілді», - делінген хабарламада.

Комиссия оқиғаның себептері: жұмыс өндірісінің дұрыс ұйымдастырылмауы, «Майқайыңалтын» АҚ жауапты тұлғалары тарапынан тау-кен жұмыстарының қауіпсіз жүргізілуіне өндірістік бақылау тиісті түрде жүзеге асырылмаған, блоктарды өңдеу кезінде қазбалардың құлау процесін бақылау тиісінше жүзеге асырылмаған деген қорытындыға келді.

Бұдан басқа, тау-кен қазбаларының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне егжей-тегжейлі тексеру жүргізілетін болады.

Құлауы мүмкін аймақтарды және қауіпсіздік нормаларын қамтамасыз етуді ескере отырып, автокөлік қозғалысының маршруттары әзірленетін болады.

Еңбек заңнамасына сәйкес тергеу материалдары құқық қорғау органдарына жіберілді.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 350 грант бөлді

Білім гранты

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.