USD
USD
USD

Майқайыңдағы апат: Құтқарушылар мінген автобус табылды

Павлодар облысының әкімдігі "Майқайың-алтын" АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Майқайыңалтын
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. 24 шілдеде кешкісін қазба жұмыстары кезінде құтқарушылардың автобусы табылды.

Ауа-райына қолайсыздығына (жаңбыр мен жел) және топырақтың құлау қаупінің сақталуына байланысты жұмыстар аса сақтықпен жүргізіліп жатыр екен.

"Бүгін таңғы сағат 05:00-ден бастап іздестіру жұмыстары қайта жанданды. Қазіргі уақытта көліктің алдыңғы бөлігіне дейін жету мүмкін болып, бампері мен доңғалағы көрінді. 55 жастағы төртінші құтқарушы, жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылған жоқ. Жақын арада іздестіру жұмыстары нәтиже береді деген үміттеміз", деп жазды әкімдік.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG