USD
USD
USD

Майқайыңда ойыққа түсіп кеткен адамдарды іздеу жұмыстары жүріп жатыр

Майқайың алтын кенішінде жер астына түсіп кеткен автобусты табу үшін Балқаш қаласынан геологиялық сканерлеу құрылғысы жеткізілді, деп хабарлады Kazinform.

автобус
Фото: kazinform

Алматы, NEGE. «Бүгін ойықтың ернеуіне «Богатырь Көмір» кәсіпорнының үлкен краны орнатылды. «АК Алтыналмас» АҚ мен Павлодар облыстық төтенше жағдай департаментінің мамандары кран көмегімен шұңқыр табанына сканерлеу құрылғысын түсірді. Геологиялық зерттеу құралы құлаған топырақ үйінділерін сканерлеп, жер астында пайда болған бос кеңістіктерді, металл мен өзге де құбылыстарды іздеп жатыр» деп хабарлады өңірлік төтенше жағдай департемінтінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 4 қаңтар күні «Майқайыңалтын» кен орнында үлкен ойық маңындағы топырақ опырылып, 4 адам мінген автобус жердің астына түсіп кеткен болатын.

Кейін оқиға орнынан екі адамның денесі табылған.

Қазір оқып жатыр

Қайрат Нұртастың концертіндегі қарбаласта бір қыз ауыр халде ауруханаға жеткізілді

Қайрат

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам өнерпазы мен креаторы бас қосты

.

Саят Исанов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Арнайы күштер

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау