USD
USD
USD

«Майқайыңалтын» кенішіндегі апат: Шұңқырдан жұмысшылардың жеке заттары, автобус бөлшектері табылды

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, "Майқайың-алтын" АҚ тау-кен аумағында іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

pavlodarnews.kz
Фото: pavlodarnews.kz

Алматы, NEGE. Автобус жатуы мүмкін жерге арнайы техниканың кіруі үшін өткелді тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін барлығы 200 мың тоннадан астам топырақ пен тау жыныстары шығарылды.

«Сағат 14:45-те «Майқайың-алтын» АҚ аумағындағы опырылған шұңқырдың түбіне шағын көлемді экскаватор түсірілді. Жұмыстар асқан сақтықпен және шұңқырдың бүйір қабырғаларының құлау қаупінің сақталуына байланысты барлық қауіпсіздік шарасын сақтай отырып жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады облыс әкімдігі.

Жұмыстарды жүргізу кезінде жұмыс құжаттатары және жол-сапар журналы бар құтқарушылардың сөмкесі, сондай-ақ, мемлекеттік тіркеу нөмірі бар автобустың шанақ бөлшегі табылды.

Автобустың болжамды орналасқан жеріне дейінгі топырақты қазып алу міндеті қойылған шағын экскаватордың жұмысы аяқталғаннан кейін мамандар оны жоғары көтеру жұмыстарын бастайды.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті