USD
USD
USD

«Майқайыңалтын» аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтаған жоқ

Ауыр техниканың көмегімен өткелді қазу  жұмыстары жүріп жатыр. Барлығы 37 мыңнан астам текше метр топырақ пен тау жыныстары шығарылды.

Майқайыңалтын
Фото: Фото:ТЖМ

Алматы, NEGE. Жұмыста геосканер қолданылды. Оның көмегімен 7 қаңтарда 5 метр тереңдікте топырақ астынан автобустың құлаған орны анықталды.

8 қаңтарда топырақты қайта сканерлеу жүргізілді. Оның нәтижелері бойынша іздеу-құтқару жұмыстарының барысына түзету енгізілетін болады.

Оқиға орнына ТЖМ, КӘАҚҚ РОШ, жергілікті атқарушы органдар, «Майқайыңалтын» АҚ, полиция және жедел жәрдем бөлімшелерінен барлығы 139 адам және 47 бірлік техника жұмылдырылды.

Жазатайым оқиғаның себептерін тергеу мақсатында ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Мұса Танабаевтың төрағалығымен комиссия жұмыс жүргізуде.

Комиссия құрамына Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғұжинов, «Майқайыңалтын» АҚ бас директоры Қуаныш Ботин, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің, еңбек басқармасының, КӘАҚҚ РОШ, кәсіподақ ұйымының басшылары мен мамандары кірді.

Жазатайым оқиғаның себептерін анықтау үшін төрт сараптама ұйымының өкілдері тартылды.

Қазір оқып жатыр

«Ешқайсысына араша түспеймін»: Министр Ақтаудағы хирург пен ата-ана дауына пікір білдірді

Ақмарал Әлназарова

«Центр плова Loft» ісі: 12 адамның өліміне кінәлі үш адамға шығарылған үкім өзгеріссіз қалды

Щучинск

Келер жылдан бастап шетелге жұмыс істеуге шығатын қазақстандықтар есепке алынбақ

Жолаушы

Қазақстанда 70 мың медицина қызметкерінің жалақысына қосымша ақы қосылады

Дәрігер мен науқас