USD
USD
USD

«Майқайыңалтын» АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылды

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2024 жылғы 5 ақпандағы хабарламасында аталған учаскеде қандай да бір тау-кен, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу құтқарушылар мен мамандар үшін үлкен қауіп төндіріп тұрғаны айтылған.

комиссия
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. GRP-RIDDER-GROUP" ЖШС жүргізген зерттеу қорытындыларына сәйкес шыңырау түбінде топырақ құрылымы өзгеріп, әлсірегені анықталды. Жүргізілетін жұмыстардың орнына да, астында да қуыстар бар екендігі анықталды. Құлау қаупі өте жоғары.

– Апатты жою басшысының орынбасары – КӘАҚҚ РШО Павлодар филиалы директорының орынбасары Жарқымбеков жұмыс істейтін құтқарушылардың, экскаватор машинистерінің өміріне қауіп төнуіне байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады, – деп хабарлады Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті. 

Осыған байланысты «Майқайыңалтын» АҚ басшылығы ӘҚҚБ РҚШ ҚҚ-мен бірлесе отырып өнеркәсіптік қауіпсіздік, тау-кен, геологиялық жұмыстар саласындағы сарапшыны кеніш аумағына шақырды. Маман апаттың барлық периметрін тексеріп шыққан соң, іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыру немесе толық тоқтату туралы қорытынды шығарылады.

Қазіргі уақытта Павлодар облысы ТЖД барлық күштері мен құралдары жұмыс жүргізіліп жатқан жерде.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram