Референдум Референдум
USD
USD
USD

Майқайың кенішінде жоғалған құтқарушының әйелі президентке үндеу жолдады

Павлодар облысындағы «Майқайың-алтын» кенішіне түсіп кеткен автобус 19 күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Майқайың кенішінде жоғалған құтқарушының әйелі
Фото: КТК

Алматы, NEGE. Ішіндегі екі адамның да тағдыры белгісіз. Сондықтан іздестіру жұмысына көңілі толмаған Айдос Шәймерденнің әйелі президентке үндеу жолдады.

– 18 күннен бері қайғыдан қан жұтып отырмыз. Адам өмірі басты құндылық емес пе? Неге өзге мемлекеттерден көмек сұрамасқа? Неге техника алмасқа? Маған қазіргі таңда жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстары маңызды да, қажет те емес. Оны кейін зерттеп үлгересіздер. Маған азаматым, бес баламның әкесі, отбасы қорғаны керек. Құрметті Президент, сізден осы апатқа байланысты жұмыстарды жеке бақылауыңызға алуды сұраймын, – дейді Нұрсұлу Шаймерден.

Сондай-ақ үйінді астында қалған құтқарушы Айдос Шәймерденнің жұбайы бес бала әкесін сағынып күтіп отырғанын айтты.

–Кәмелетке толмаған, тіпті аузынан сүті кеппеген бес балам әкесін еңіреп күтіп отыр. Алланың құдыреті шексіз ғой, мүмкін олар тірі шығар. Мүмкін дәл қазір сіздердің көмектеріңіз қажет шығар. Біз 18 күннен бері қайғыдан қан жұтып отырмыз, – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда