USD
USD
USD

Майк Тайсон ұзақ жылдан кейінгі жекпе-жегінде жеңіліп қалды

Әйгілі америкалық боксшы Майк Тайсон 2005 жылдан бері алғаш рет кәсіпқой бокста жекпе-жек өткізіп, жеңіліске ұшырады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлады.

күрес
Фото: Sarah Stier/Getty Images for Netflix

Алматы, NEGE. Майк Тайсон Арлингтонда (АҚШ) өткен бокс кешінде отандасы, блогер әрі кәсіпқой былғары қолғап шебері Джей Полмен жұдырықтасты. Сегіз раундқа созылған кездесуде Пол төрешілердің шешімімен (80-72, 79-73, 79-73) жеңіске жетті.

Осылайша 2005 жылдан бері кәсіпқой рингке алғаш рет шыққан 58 жастағы Майк Тайсон мансабында 7-рет жеңілді. Оның рекордында 50 жеңіc (44-і нокаутпен) бар. Ал 27 жастағы Джейк Пол 11-рет (7-уі нокаутпен) жеңіске жетті. Ол тек бір рет қарсыласына есе жіберген.

Еске салайық, Майк Тайсон салмақ өлшеу рәсімінен соң көз түйістіру кезінде Джейк Полдың бетінен шапалақпен ұрып жіберген еді. 

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.