USD
USD
USD

Maybach, Lamborghini, доллар мен еуро: 1Win интернет-казиносын құрғандар іздестірілуде

Қаржылық мониторинг агенттігі 1Win заңсыз интернет-казиносын ұйымдастырған қылмыстық топқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Күдікті
Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі

Астана, NEGE. Күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланып, оларға қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Бұдан бөлек күдіктілердің қылмыстық жолмен алынған мүлкін мемлекет пайдасына алу үшін сотқа дейінгі тәркілеу шаралары қолданылған.

Тәркіленген мүліктің ішінде: Mercedes Maybach S500, Lamborghini Huracan, Toyota Land Cruiser автокөліктері, сондай-ақ банк шоттарындағы 151 млн теңге, 14 600 АҚШ доллары және 44 400 еуро бар.

«Сот қаулысымен жалпы құны 420 млн теңгеден асатын мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді», – делінген ресми хабарламада.

Ведомство мәліметінше, 1Win интернет-платформасы 11 мыңнан астам онлайн ойынға, сондай-ақ спорттық және киберспорттық оқиғаларға бәс тігуге мүмкіндік берген.

Бәс қабылдау және ұтыстарды төлеу банк карталары, электронды төлем жүйелері және криптовалюта арқылы жүргізілген.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі