Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Maxi Шай жеткізетін курьерлер жалақыны көтеруге қол жеткізді

Астанада «Maxi Шай» өнімдерін жеткізетін курьерлер жалақыны көтеруді талап еткеннен кейін, компания олардың айлығын 10 пайызға өсіруге келісті, деп хабарлайды BES.media.

.
Фото: maxi_team_official

Астана, NEGE. Қызметкерлер бастапқыда жалақыны 20 пайызға көтеруді сұраған. Келіссөздерге Астана әкімдігі жанындағы еңбек инспекциясы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері мен прокуратура қатысқан.

Нәтижесінде тараптар жалақыны 10 пайызға көтеру туралы келісімге келген. Қазір барлық қызметкер жұмысқа қайта шыққан.

Компания мәліметінше, видеоға түскен адамдар «Galanz bottlers» компаниясының емес, дистрибьюторлық «Тау-Орда» ЖШС-нің қызметкерлері.

Бұған дейін жеткізу қызметкерлері өз жұмыстарының ауыр екенін, алайда жалақының басқа ұқсас компаниялармен салыстырғанда төмен екенін айтқан. Олардың сөзінше, басшылықтан бірнеше рет жалақыны көтеріп, еңбек жағдайын жақсартуды сұрағанымен, талаптары ескерілмеген.

Айтуларынша, басшылық «не жұмыс істеңдер, не жұмыстан кетіңдер» деп талап қойған. Бұдан бөлек, жұмыстан кеткен жағдайда бонустық төлемдерден қағу қаупі айтылған.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық