Мавзолей иесі Б.Тұрғараевтың ісіне отбасы мүшелері не дейді?

«Көзі тірісінде өзіне және әйеліне кесене салып алды» делінген Түркістан облысындағы бұрынғы судья Бекет Тұрғараевтың ісі қоғамның қызу талқысына түсті. Бұрынғы судьяның біз білмейтін қылықтары әлі де көп екен.
Мавзолей иесінің әйелі тұлға ма?
«Ол жерде тек менің жарыма ғана емес, әке-шешеме де арнап орнатылған мүсін бар. Әкем соғыс ардагері болды. Ата-анам мені дүниеге әкелген, оларды ардақтау – менің парызым. Әйеліме мүсін қойғаным рас. Оны жасырмаймын. Мен өлген соң балалары қоя ала ма, жоқ па білмеймін. Сондықтан, өзімнің жарыма құрметім ретінде қойдым», – деген еді Бекет Тұрғараев. Тілші Б.Тұрғараевтың әйелі туралы ақпарат іздеп көрді.
- Тақырыпқа орай: Бұрынғы судья Бекет Тұрғараев өзіне мавзолей салдырғаны рас па?
Б.Тұрғараевтың бұрынғы келіні Ләззат Ахатова осы отбасыға қатысты кейбір мәселенің басын ашып бергендей болды.
Фото: Respublika.kz.media телеграмм парақшасынан
Бұрынғы судья Б.Тұрғараевтың әйеліне мавзолейден орын дайындап жүргеніне қарап, әйелін жасы келген адам екен деп ойладық. Бірақ олай емес болып шықты. Ол бойында қаны ойнаған орта жастағы келіншек екен. Фотоларына қарағанда, күйеуі Бекет Тұрғараев екеуі Азияны ғана емес, Еуропаны да шарлап шығыпты.
Фото: Respublika.kz.media
Әкесінің әрекетіне департамент басқаратын баласы не дейді?
Түркістан өңіріне танымал тұлға Бекет Тұрғараевтың туған ұлы Мұхит Тұрғараев – Түркістан облыстық Әділет департаментінің басшысы.
Өмір бойы мемлекеттік қызмет істеген Тұрғараевтар мавзолей салуға ақшаны қайдан алды? Nege.kz тілшісі Түркістан облыстық әділет департаментінің баспасөз хатшысына қоңырау шалып, Мұхит Тұрғараевпен тілдеспек болды. Алайда баспасөз қызметі бастығы үшін: «Мавзолей тұрғызуға Мұхит Бекетұлының еш қатысы жоқ!», – деп қысқа жауап берді.
М.Тұрғараев. Фото: Respublika.kz.media
Ал Бекет Тұрғаревтың бұрынғы келіні, танымал адвокат Ляззат Ахатова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: «...Көзі бар адамдар көріп отыр. Өзіндік ой-пікірі бар адам таным деңгейіне қарай ой түйеді. Ол кісінің өзі жауап беріп жатыр екен, менің ол кесенеге еш қатысым жоқ. Оған, әрине, қуанам. Көп нәрсе айтуға, тіл қысқа... Ортада балалар бар. «Су ішкен құдығыңа түкірме» деген. Жаманды-жақсылы 23 жыл сол шаңырақтың келіні болыппын. Ал ол видеоны әріптестерім ватсапқа жібергенде, жерге кірердей қысылғаным рас», – деп жазба қалдырыпты.