Маусымда азық-түлік 7%-ға қымбаттады
Aлматы. NEGE. «Ағымдағы жылдың басынан бастап (2020 жылдың маусым айын 2019 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда) жеміс-жидек бағасы 21,2%, көкөніс – 15,6%, жарма – 14,6%, қой еті – 10,7%, ұнтақ қант – 10,6%, макарон өнімдері – 9,3%, шемішкі май – 8,9%, ұн – 8,8%, ет өнімдері – 8,5%, жылқы еті – 8,2%, сиыр еті – 7,4%, мәйек ірімшігі – 7,3%, мұздатылған балық – 6,1%, шәй – 5,9%, шошқа еті – 5,5%, шұжық өнімдері – 5,4%, бөлке және ұн өнімдері – 4,6%, пастерленген сүт – 4,5%, қышқыл сүт өнімдері – 3,7%, нан – 3,4%, ірімшік – 3,3% қымбаттаған. Минералды және ауыз су - 6,8%, темекі өнімдері – 5,4%, салқындатылған сусындар – 4% қымбаттаған», - делінген статкомитет сайтындағы шұғыл ақпаратта.
Ал жұмыртқа - 3,6%, күріш – 2,7%, сөк – 2,4% арзандаған.