Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Маусым айында қай өңірлерде құрғақшылық болады – синоптиктердің болжамы

«Қазгидромет» РМК 2022 жылдың маусым айына құрғақшылық болжамын ұсынды. Алдын ала мәлімет бойынша, жаздың бірінші айында Қазақстанның басым бөлігінде құрғақшылық болу ықтималдығы төмен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маусым айында қай өңірлерде құрғақшылық болады – синоптиктердің болжамы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  .«Қазгидромет» РМК-нің болжамына сәйкес, маусым айында республиканың басым бөлігінде құрғақшылықтың туындау ықтималдығы төмен, негізінен ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында бірқалыпты құрғақшылық болуы ықтимал.

Қатты құрғақшылық Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Маңғыстау облысының Қарақия ауданында күтіліп отыр.

«Жамбыл облысының Рысқұлов ауданында, Ақтөбе облысының Ойыл ауданында және Түркістан облысының Сайрам ауданында қолайлы орташа ылғалды жағдай болады», - дейді «Қазгидромет» РМК.

Мамандар құрғақшылықтың қарқындылығы мен әсері Қазақстанның әр аймағында әр түрлі көрінетінін атап өтті.

Қызылорда және Маңғыстау облыстары құрғақшылыққа ұшыраған өте құрғақ, ыстық аймақ ретінде сипатталады.

Қазір оқып жатыр

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф

Ертісбаев пен Бапи: ҚХП мен ЖСДП бұрынғы басшыларына қатысты даулы мәселелерге жауап берді

Ертісбаев пен Бәпи