Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Маусым айында Алматыда екі жаңа метро станциясы іске қосылады

Әуезов ауданында орналасқан «Сарыарқа» және «Момышұлы» бекеттері маусым айында ашылады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев хабарлады. 

Маусым айында Алматыда екі жаңа метро станциясы іске қосылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Маусым айында жаңа екі метроны іске қосамыз. Олар «Сарыарқа» және «Момышұлы» бекеттері. Бұл метрополитеннің тәуліктік жолаушылар ағынын 40 мыңнан 86 мыңға дейін арттырады», – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде.

Еске салайық, былтыр желтоқсан айында аталған екі метро станциясы техникалық тексеруден өткен болатын. «Сарыарқа» станциясы «Фэмили» паркінің ауданында орналасқан, терең төселген, пилон типті, қозғалысы шектеулі топтар үшін 2 лифті, 8 экскалаторы бар екі кіру тобынан тұрады.

«Б. Момышұлы» станциясы Абай даңғылының астында, Б. Момышұлы көшесінің батысында орналасқан. Шағын құрылыс станциясы, колонна типті. Ол екі жерасты лоббиінен және алты кіру тобынан тұрады, 6 лифт және 15 эскалатор қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Партиялар сайлаушыларға қандай уәде берді

.

Көрерменге кімнің сөзі өтімді болды? Теледебаттағы дауыс беру қорытындысы шықты

.

«Экономикалық романтиктер»: Respublica ЖСДП-ның сынына жауап берді

.

eGov-тағы 15 млн адамның дерегі darknet-ке тарады ма? Министрлік жауап берді

Комп